Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әбсаттар Сманов мешітінде ҚМДБ концептуралды құжаттарының маңызы мен мәні атты семинары өтті.
Семинарға шаһар бас имамы орынбасары Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, Абай аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы семинарда шаһар бас имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді ҚМДБ тарапынан қабылданған концептуалды құжаттарға шолу жасап , имамдарға ИМАМНЫҢ ЖАМАҒАТ НАМАЗЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ құжатын таныстырды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38