Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әбсаттар Сманов мешітінде Имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі рухани танымдық семинар өткізілді.
Семинарға шаһар бас имамы орынбасары Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, Абай аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы семинарда қалалық Сараптама бөлімінің жетекшісі Берік Шотабеков Фиқһ ілімін терең меңгеру жөнінде баяндама жасады. Қатысушылар семинар барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



