Астана қаласында өтетін ІІ Халықаралық Құран жарысына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жарыс өтетін Республикалық Бас мешітке арнайы барып, ұйымдастыру барысын тексерді.

Бас мүфти жарыс алаңының безендірілуі мен техникалық жүйелердің дайындығына назар аударып, барлық істің жоғары деңгейде, мұсылман үмбетіне лайық беделмен өтуі қажет екендігін атап өтті.

«Бұл – Алла сөзін ұлықтайтын, рухани мәні зор халықаралық шара. Барлық жұмыс сапалы атқарылуы тиіс», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, 15–16 қазан күндері өтетін байқауға 20-дан астам елдің үздік қарилары қатысады. Құран жарысын «Munara TV» телерарнасынан, «Мүфтият ҚМДБ» YouTube арнасы және ҚМДБ-ның ресми парақшаларынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38