SAM168

 SAM168

Еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда оңтүстік өлкесіне көктем ай бұрын ерте келетіні баршаға аян. Биылғы жылы дәстүрлі түрде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің бастамасына сәйкес, Шымкент қаласы орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» атты қайырымдылық шарасы басталды.

         Шара барысында Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы  Бақдәулет Абдурахманов бастаған ұжым мешіт ауласына 20 түп жеміс ағаштарын отырғызып, мешіт ауласы түлгел тазаланып, тазалық шарасымен жалғасын тапты.

         Жалпы, биылғы жылы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің тапсырмасына орай,  облыстың барлық қала, аудан, ауылдық мешіттеріне кемінде он түп ағаш, он түп гүл т.б. жеміс ағаштарын отырғызу және арық-атыздарды тазалау туралы арнайы нұсқау берілген. Мұнымен қатар, отырғызылған ағаштарды күтіп, баптау мәлелеріне жеті қадағаланады.

        Осы наурыз-сәуір айлары аралығында жүргізілетін «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!» атты қайырымдылық шараға қолдау білдіру үшін  барша азаматтарды шақырамыз.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілігінің баспасөз қызметі

 SAM167

 SAM168

 SAM169

 SAM170

 SAM171

 SAM172

 SAM173

 SAM174

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38