Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау, таныстыру, үлестіру шарасын өткізді.
Оған Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, ақсақал имам Бекайдар Әміре, «Халал Даму» бөлімінің бауылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев және Жастар ісі секторы мен аудандық мешіттің имамдары жалпы жамағат қатысты.
Әсем салтанат сарайында өткен игі шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Ислам энциклопедиясы», «Үміт сәулесі», «Исламдағы сауда-саттық», «Мақтаулы Мұхаммед», «Бабалар ізімімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», сынды әртүрлі құнды кітаптар таныстырылды.
Айта кетсек, бүгінгі таңда ҚМДБ-ға қарасты «Muftiyat» баспасынан 60-тан астам әртүрлі тақырыптарды арқау еткен кітаптар жарық көрді.




