Бүгін Қасиетті Мәуліт айының құрметіне ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі «Мәуліт -рухани тәрбие айы атты рухани танымдық кешін ұйымдастырды.
Рухани шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізіп, үздік қызмет атқарған бір қызметкерге ұмра қажылығының және бір қызметкерге шипажайға жолдама сертификатын табыстады.
Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі ерекше форматта ұймдастырылды. Түрлі саланың қызметкерлері мен еңбек адамдары қатыстырылып, «Әсем» салтанат сарайында мерекелік дастархан жайылды. Барлық қатысушыларға сый-сияпат үлестірілді. Рухани кеште Мәуліт жыры оқылып, терме һәм арнау оқылды. Мұнымен қатар, ҚМДБ РАНТ мүшесі Ералы Есенгелдиев арнайы уағыз-насихат айтты.
Рухани шараға мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов бастаған ел ағалары және спорт және өнер, мәдениет қайрткерлері, телеарна тілшілері, ұстаздар, қалалық «Әжелер мектебі» мүшелері т.б. мешіт жамағаты қатысып, рухани кештен мол нәр алып тарасты.
Сондай-ақ, рухани кеш аясында Муфтият баспасынан жарық көрген кітаптар мен өнімдері таныстыру шарасы ұйымдастырылды. Жалпы жоғары деңгейде өткен рухани шараға қатысушылар дән риза болып, алғыстарын білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







































