Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Шымкент» медресе-колледжі бірлесіп « Жат ағымдардың алдын алу» тақырыбында танымдық-рухани семинары ұйымдастырылды.
Семинарға ҚМДБ РАНТ мүшесі, қалалық Жат ағымдардың алдын алу бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов қатысып, студенттерге дәріс оқыды. Студент жастар сұрақ қою арқылы көп ақпаратқа ие болды.
Жоғары деңгейде өткен шараға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай атынан алғыс айтып, ризалық білдірді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38