Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Ақжайық мешітінде Имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі рухани танымдық семинар өткізілді.
Семинарға Абай аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинар барысында ҚМДБ оқу бағдарламасы аясында ақида және фиқһ дәрістері жүргізілді. Еркін форматта өткен семинар барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
Айта кетейік, бұл семинар айына екі рет өткізілетін болып шешілді.Келесі көшпелі семинар Гаухар ана мешітінде жалғасын табады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38