ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл-Фараби аудандық Ордабасы мешітінде аудан имамдарына “Жат ағым жарға жығады” атты тақырыпта семинар өткізілді. Аудан бас имамы Ералы Сапарбайұлы жат ағымдардың шығу тарихы, сенім жүйелері мен сыртқы сипаттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дұрыс сенім — қоғам бірлестігі мен ел ынтымағының бекемдігін қамтамасыз ететін құнды дүние екендігі жайлы сөз қозғалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

