Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре имам жұма уағызын жүргізді. Арнайы келген Бекайдар Әміре имам «Рухани кеселдер» тақырыбында уағыз айтып, елді түрлі жаман әдеттен сақтануға, білімді болуға шақырды. Сондай-ақ, биылғы жылы ҚМДБ тарапынан «Ислам – және отбасы құндылықтары» деп жария етілгендігін айрықша атап өтті. Жұма намазы барысында жамағат атынан алғысын білдірді. Жұма намазын жамағатпен оқып, бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38