Бүгін ҚМДБ оқу бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты дін қызметкерлерінен С санаты бойынша сынақ алынды.
Сынақ алу жұмысын шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес найб имам Қазыбек Сарыбаев пен Нұрсұлтан қари Мамедалиев үш пән бойынша Құран оқу, Ибадат Исламия, Хадистану ілімінен сынақ алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар барлық мешіттерде жалғасын тапты.
Айта кетейік, қала бойынша С санатына жататын 205 дін қызметкері сынақ тапсырды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38