Бүгін ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти хазреттің Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде заманауи есеп- қисапқа бағдарламасына сәйкес семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысы шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес, орталық мешіттің бас есепшісі Динара ханым бастаған есепшілер қатысып, дәріс оқыды. Мешіт имамдары қажетті сұрақтарын қойып тұшымды жауап алды.
Семинар барысында Мұхамеджан Естеміров бұл бағыттағы жұмыстар барлық ауданда жалғасын табатынын атап өтті.





