Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде қасиетті мәуліт іс- шарасы аталып өтті. Аталмыш іс-шараға “Исамиддин баба” мешітіне көрші орналасқан “Әл-Біләл ” мешітінің имамы Мұхтар имам және Еңбекші ауданының имамдары қатысты.

Ауданымыздың бас имамы Орын Ербосын қаламыздың бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап алғысөз айтып мәуліт іс- шарасын ашып берді.
“Әл-Біләл” мешітінің имамы Мұхтар ағамыз мәуліт жайында, пайғамбарымыздың тұлғалық ерекшеліктері жайында жамағатқа әсерлі уағыз насихатын айтты.
Әбдіқәдір имам, Кәмілжан ұстазымыз және Исматулла қариларымыз мәуліт жырын оқыды.

Шара барысында дастархан жайылып “Әр-Рақиб” мешітінің имамы Досумбаев Ержігіт жиналған жамағатқа мәуліт жайында және салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттай отыра сұрақ-жауап сайысын ойнатып ,сыйлықтар таратты.

Аудан бас имамымыз Орын Ербосын аталмыш іс- шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына және қолдау көрсеткен әрбір азаматқа ерекше алғыс білдірді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38