Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының XXIII отырысына қатысты.

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев төрағалық етті. Алқалы басқосуға әлемнің 60-тан астам елінен келген 100-ден аса делегация, соның ішінде түрлі дін өкілдері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Форумды ашқан Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қиын кезеңдерде біз қабырға емес, көпірлер салуымыз керек. Бұл – халқымыздың саналы таңдауы» деген сөзін келтіріп, қазіргі жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру жолында ашықтық пен өзара сенімге негізделген диалогтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның бейбітшілік пен келісімде өмір сүру және мәдени әралуандықты құрметтеу қағидаттарын дәйекті түрде дәріптеп келе жатқанын жеткізді.

Басқосу барысында Бас мүфти бірнеше елдің дін қайраткерлерімен сұхбаттасып, ортақ құндылықтарды дәріптеу жөнінде ой бөлісті.


















By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38