Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайыптың орынбасары, профессор, доктор Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни мырзамен кездесті.

Кездесуде тараптар діни білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру, жастардың діни сауатын жетілдіру және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелерін талқылады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мен Мысыр арасындағы діни-рухани байланыстың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық студенттердің әл-Азһар университетінде білім алып жатқанын айтты. Сондай-ақ мәртебелі мейманға ҚМДБ-ға арнайы келгені үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне сенім білдірді.










  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38