Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде имам Ербол қажы Тастанбекұлы бастаған ұжым мен мешітке келуші жамағаттың ынтымақтасуымен «Мәуліт» айының басталуына орай, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туылған айының құрметіне «Мәуліт» рухани шарасы ұйымдастырылды.

Рухани шараға қаланың орталық мешітінің наиб имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы арнайы қатысып, бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлының ыстық сәлемі мен шынайы құттықтауын жеткізіп, Алланы еске алу мен пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуды артықшылықтары туралы әсерлі уағыз айтты.

Рухани шарада «Мәуліт» жырын «Сейітжан қари» мешітінің наиб имамы Сәрсенбаев Мейірбек қари оқып, дұғасын жасады.

Рухани жиынды қорытындылаған Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің имамы Ербол қажы Тастанбекұлы шараға демеушілік еткен, атсалысқан, келіп қатысқан азаматтардың баршасына шынайы алғысын білдіріп, Алланың разылығы мен пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатын тіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38