Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасын қолдау және отандық туризмді дамытуға байланысты саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат басшысы болып Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре, Дәурен Тасқараев, Самат Анарбаев , Әлжан Сәдиев, Ербосын Орын, қалалық «Дархан дала» отандық туризм саласына жауапты Мұхамеджан Естеміров және аудан имамдары мен ұстаздар қатысты.
Топ мүшелері Айша бибі кесенесін зиярат етіп, тарихымен танысып, бабалар рухына Құран бағыштап дұға етті.




