Шымкент қаласындағы №2 Дарынды балаларды үш тілде оқытатын мектебінде «Дін және тарих тағылымы» тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Оған Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің найб имамы әрі ЖАНТ мүшесі Қазыбек Сарыбаев, жоғары сыныптың мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Сондай-ақ, кездесу кезінде Діни басқарма тарапынан қолға алынған «Дін және тарих тағылымы» атты тың бастамаға ерекше зор қошемет көрсетіп, мол үміт күтетіндіктерін жасырмады.
Кездесу кезінде жастарға дұрыс білім алу, ата-ананы құрметтеу, намаз оқудың сауаптары және түрлі кереғар ағымдардан сақтану жолдарын кеңінен түсіндірілді. Мұнымен қатар, найб имамы Қазыбек Сарыбаев оқушыларға әлеуметтік желілердегі түрлі діни кереғар сайттардан сақ болуды атап өтті.
Жалпы, кездесу өте әсерлі өтіп, мектеп әкімшілігі осындай кездесулерді жиі өткізуді қолға алатын болып шешілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілігінің баспасөз қызметі