Еңбекші аудандық «Тура жол» мешітінде «Имани жаз» курстарының аяқталуымен шәкірттерге «Қоштасу кеші» өткізілді.
Кеште әліппеден Құранға түскендерге тәж кигізу рәсімі және Құрандағы шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.
Кеш аталмыш мешіттің наиб имамы Хабибуллахан ұстаз Қадиров басшылығында жаз бойы «Иманы жаз» курсында ілім алған шәкірттерге сертификат табыстаумен басталып, соң шәкірт қыздар қасиетті Құран Кәрімнен жарты пара, бір пара және бір жарым пара бойынша өзара жарысты.
Және аталмыш кешке келген қонақтарға шәкірттер тарапынан көркем нашидтер, ардақты аналарымыз жайлы өлең, әсерлі сахна көрінісі орындалды.
Рухани кештің соңы Құран әліппесін бітіріп, Құранға түскен шәкірт әпке-сіңілдердерімізге «Тәж кигізу» рәсімімен жалғасып, соңында барлық шәкірттерге сыйлықтар ұластырылды.
Рухани кешіміз өте керемет рухани деңгейде өтіп, шәкірт әпке-сіңілдеріміз өздеріне ілім үйретуде, Алланы танытуда шәкірттеріне сабырлылық пен жанашырлық танытқан ардақты ұстаздарымызға өз ризашылықтарын және көптеген ізгі тілектерін білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






