Абай ауданы Орталық Ақмешіт мешітінде ұйымдастырылған екі айлық “Имани жаз 2025” діни сауат ашу курсының қорытынды кеші болып өтті. Шәкірттер әліппені тәмамдап, намаз дұғалары мен қысқа 10 сүрені тәжуид ережелерімен жаттап, құран оқуға қадам басты.
Сонымен қатар, шәкірттерге: ислам әдебі,ғибадат негіздері,ақида ілімі,
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) өмір тарихы пәндерінен сабақ берілді.
 
 Шәкірттер діни білім алумен қатар әртүрлі қол — өнер жұмыстары бойынша смоладан резинарт шеберлік сағаты болды және арт терапия(сурет салу) күні, қонақ күту әдебі, қонақтарға етті жіліктеп табақ тарту үйретілді, мақал мәтел жаттатылды, ұлттық потриотизм үйретілді, мұсылман адам білу керек болған 40 парыз үйретілді, Алланың 99 есімдері бойынша жарыстар өткізілді. 
Шәкірттерді сергіту мақсатында дендросаябаққа және кинотеатрға апарылды.
 
Кеш барысында шәкірттер “Ана қәдірі” атты спектакльде театрлық өнерлерін паш етіп, иляһи әндерімен көрермендердің көңілдерін жылытты.
 
Іс шара барысында Шымкент қаласы “Әйел — қыздар секторы” жетекшісі Асылханқызы Балжан ұстаз тәж кию тарихы жайлы ашықтап, Құран оқудың маңыздылығы тұралы айтты және Ақмешіт мешітінің ұстазы Айжарқын Әмзеқызы білімнің қәдірі тұралы сөз сөйлеп, кеш соңында ұстаздар шәкірттерге тәж кигізіп, жүректеріне мәңгілік рухани із қалдырды.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38