ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі, Әл- Фараби ауданына қарасты “Сейіткәрім Қажы “мешіті 8.08.2025 жылы Дендросаябағында “Спорт -денсаулық кепілі” атты отбасылық эстафеталық жарыс өткізді. Қатысушыларға ара қашықтыққа жүгіріп жарысу тапсырмасы берілді, сондай -ақ доппен , секіртпемен мәреге дейін жылдамдықмен жүгіру , теннис ойнаудан екі топқа бөлініп жарысты. Мешітімізге доптар, секіртпелер, теннис сыйлыққа берілді.
Қатысушыларға дастархан жайылды. Іс-шараға атсалысқан абзал жандардан Алла разы болғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



