Бүгін  ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы «Кенесары хан» мешітінде «Хәкім Абай және Ихсан тағылымы»  атты рухани танымдық семинары ұйымдастырылды.  

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахмеджан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев,  қалалық «Дін мен дәстүр» бөлімінің жетекшісі Самат Анарбаев т.б. аудан бас имамдары қатысты.

Рухани тағымдық семинарды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің  доктаранты, абайтанушы  жас ғалым  Исабек Әзімхан Үсенұлы мен  абайтанушы-магистр Самат Сапарханұлы арнайы дәріс оқыды.

Қатысушылар сұрақтарын қойып, Хәкім Абайға қатысты көптеген тың дүинелерге қанықты.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар барысында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы оң бағасын беріп,  алдағы уақытта өзге де ауданда түрлі форматта өткізуді тапсырды.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38