Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Тура жол» мешітінің әйел-қыздар жамағаты ұйымдастыруымен мешіт қасында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке үшін мешіттің әйел-қыздар жамағаты барлық күш-жігерлерін салып әртүрлі тағамдар, тәттілер, сусындар дайындап әкеліп, жұма намазына келушілерге сатылды. Жәрмеңке өте жақсы деңгейде өтті. Саудадан түскен табыс түгелдей шәкірттердің қажеттіліктеріне жұмсалатын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38