Бүгін, қасиетті жұмада Шымкент қаласында Имам Әл Матуруди атындағы жаңа мешіт ашылып, жамағат игілігіне берілді.
Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы арнайы қатысып,
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, игі тілегін білдірді.
«Бұл мешіт ғибадат орны ғана емес, сондай-ақ діни-рухани орталыққа, қайырымдылық пен мейірімділік мекеніне айналуын мақсат етеміз. Осы бағытта қызмет етіп келеміз. Мешітке келген адамның жүрегі тыныштыққа бөленеді. Рухани әрі материалдық тұрғыдан көмек іздеген адам мешітке келеді. Жаратушы Иеміз мешіт салған, оған үлес қосқан барша адамға мол сауаптан жазғай. Үзілмейтін сауапты амалдың жақсылығына кенелгей». -, деді Бас имам.
Аталмыш қалада ашылған жүзінші мешіт болып саналады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38