Желтоқсан айының 23 күні Арыс қаласы қалалық мәдениет үйінде адамзаттың асыл тұлғасы, өнегелі өмірімен ғибратты із қалдырған, екі дүние саруары Пайғамбарымыз – Мұхаммед (с.а.с) туған күні – «Мәуліт» мерекесі атап өтілді. Мереке Қасиетті Құран Кәріммен басталды. Мәуліт мерекесімен Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек мұсылман жамағатын мерекемен құттықтап, өз тілегін жеткізді.Келесі сөзді Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек мырза мерекеге жиналған барша жамағатты қасиетті «Мәуліт» мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) ғибратқа толы өмірі жайлы уағыз айтып, халықты ұлық мерекемен құттықтап, қазырғы таңда ҚМДБ – ның басшылығымен мәулітті мерекелеу бізде де дәстүрге айналып келеді деді.
Мәуліт мерекесі илләhи әндер,рухани көрністер қөрсетіліп, Мәуліт дұғалары оқылды. Соны мен қатар мерекеге жиналған көпшілікке Мәуліт кітабы тегін таратылды.
Арыс қаласы орталық« Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі