Бас Имам Бақдаулет Қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай, Тұран аудандық, “Д.А.Қонаев” мешітінің оқу-ағарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, ИМАНИ ЖАЗ бағдарламасы бойынша 25 ұл, 35 қыз шәкірт білім алып жатыр. ИМАНИ ЖАЗ бағдарламасы бойынша әйел-қыздар секторы бөлімінің мұрындық болуымен “Құраным көзімнің — нұры” атты тілашар іс-шарасы ұйымдастырылып, бағдарламалық әртүрлі қойылымдар қойылды. Іс-шараның аясында үздік бітірген 25 қыз шәкіртке сертификат пен қоса сый-сияпат табысталды. Іс-шараның соңында қатысушы қауымға дастарқан жайылып ас-ауқат берілді. Бүгінгі күнге дейін 6 айдың ішінде “Көңілімнің көктемі — Құран Кәрім” атты ұранымен 3 рет іс-шаралар өткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




