Қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрімізді дәріптеу аясында Абай ауданы, Абдусаттар Сманов мешітінде «Салт-дәстүрім-сарқылмас қазынам» атты Шымкент қаласының әйел-қыздар секторының бастауымен семинар өтті. Ұлтымыздың рухани темірқазығы болған-салт-дәстүрімізді дәріптеу аясында қазақтың қолөнеріне қатысты басқұр тоқу, ұршық иіру, қыз қоржынын жасау және қазақ оюларына тоқтала отырып, мән-мағынасына және тәрбиелік маңызы айтылып өтті.
Семинарда қазақтың шеберлік дүниесінен шыққан оюды киізге басу, жүнмен тоқу, өрнектеп тігу және құрақтап тігілген бұйымдар көрмесі де қойылды. Қолынан өнері тамған әжелеріміз келешек ұрпаққа үлгі болар ұршық иіру өнерін тәжірибелік түрде түсіндірме жасап өтті.
Семинарға келген көрермендер арасында ұлттық ойындар ойнатылып сый-сияпаттар таратылды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38