Шымкент қаласы, Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінің имамы Ербол Тастанбекұлы мен аудандық “Әйел қыздар” секторына жауапты Гүлжан Нұрланқызының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және Отбасы құндылығы» жылы деп жариялануына орай,
«Дін мен дәстүр сабақтастығы» және «Отбасы-тәрбие баспалдағы» атты әжелер мектебі мен шәкірттерге арналған дөңгелек үстел hәм семинар болып өтті.

Семинар барысында, Қаратау ауданының Бас Имамы Ербол Тастанбекұлы жиынның кіріспесін жасап, арнайы шақырылған қонақ Шымкент орталық мешіттің наиб имамы әрі қала бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты имам
Ахметжан қажы Керімбекке сөз берді.

Сөйлеген сөзінде имам Ахметжан қажы Пірәліұлы, Шымкент қаласының Бас имамы Абдрахманов Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, “Қоғамдағы қыз бен келіннің, ана мен ененің рөліне және олардың қарым қатынасына дін мен дәстүрдегі тәлім тәрбиеге кеңінен тоқталып, шаңырақтың шаттыққа, отбасының бақытқа бөленуіне себепші болатын бес құндылыққа (1. Жақсы мәміле, 2. Кешірімді болу, 3. Жақсы көңіл-күй сыйлау, 4. Сыйлық беру, 5. Ізгі ұрпақ тәрбиелеу) мән беру керектігін айтты. Сөзінің соңында, әжелер мектебінің үйлестірушісі Мәдина қажы анамыз бен әйел-қыздар секторының жауаптысы Омарова Гүлжан ұстазға және барлық қатысушыларға алғысын айтып, батасын берді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38