Астанада өткен имамдар форумында қабылданған төрт құжат тұғырнаманы кең көлемде насихаттау мақсатында және Діни басқарма тарапынан қабылданған «Дін және тарих тағылымы» бастамасына орай ОҚО Арыс қалалық «Әбдіғаппар» мешітінде қала, ауыл имамдарының қатысуымен мәжіліс болып өтті.
Аталмыш шараға облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, Діни басқарма тарапынан қабылданған «Дін және тарих тағылымы» бастама аясында атқарылатын бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.
Сондай-ақ, барша имам, молда, азаншы, ұстаз т.б. мешіт қызметкерлерінен жеті бағыт бойынша сынақ алынатындығын айтып, оған жоғары деңгейде дайындалу қажет екендігін пысықтады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі