Шымкент қаласында бірнеше кәсіпкерге ҚМДБ Халал Даму бөлімінің сертификаты табысталды.
Атап айтқанда, Нандук корейлік асханасы,
Рамазан бей шәйханасы және
Аманат ет дүкені сертификат алды. Мұнымен қатар,
Chocoff club кофейнясы сертификатталды. Игі шараға Шымкент қаласы бойынша Халал Даму бөлімінің бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев пен технолог маман Аружан Аралбай қатысып, насихат жұмыстарын жүргізді.