Бүгін Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев «Шымкент» медресе-колледжіне барып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Алдымен «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасап, таныстырды.
Осыдан кейін, студенттермен кездесіп, жастарға білім алу, елге қызмет ету, ата-ананы құрмет ету, жат ағым жетегінде кетіп қалмау, алдын алу сындық ағалық ақыл-кеңесін айтып, сәттілік тіледі.
Кездесу барысында оқу ордасына арнайы келген басқарма басшысы Бақтияр Әлтайұлына «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Шәйділләұлы ұстаздар атынан алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі