Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты Елтай елді мекенінде «Маятас» мешіті, «Елтай» мешіті, «Ибадул- азиз» мешіті және «Манасбай ата» мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен «Шымыр» тойхансында қасиетті мәуліт іс- шарасы аталып өтті.

Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы Бас имамының орынбасары Мұхамметжан Естеміров қаламыздың бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап алғысөз айтып мәуліт іс- шарасын ашып берді.

Еңбекші ауданының бас имамы Орын Ербосын мәуліт жайлы жамағатқа әсерлі уағыз- насихат айтты. «Сулайман ата» мешітінің имамы Шадман Сұхраб мәуліт жырын оқыды.
Шара барысында «Дін мен дәстүр» негізінде жиналған жамағатқа дастархан жайылып және сұрақ-жауап, арқан тартыс, асық ойындары ойнатып, сыйлықтар таратылды. Іс- шара соңында мешіт ауыл биі Теңізбаев Жансейіт ақсақал ағалық насихатын айтып, бата берді.

Аталмыш іс- шараны ұйымдастырып, жамағатты қызықтырған «Маятас» мешітінің имамы Ахметжан имам, «Елтай» мешітінің имамы Ермахан имам, «Ибадул-азиз» мешітінің имамы Серік имамға және қолдау көрсеткен әрбір азаматқа ерекше алғыс білдіреміз.
Алла разы болсын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38