Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде Мәуліт кеші өткізілді. Рухани кешті Құранмен ашып бастап, әйел жамағатының ұйымдастыруымен Алла елшісінің (Аллаһтың Оған игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келуі жайлы және мінез-құлқын баяндайтын бейнероликтер көрсетілді. Мұхаммед Пайғамбарға (Аллаһтың Оған игілігі мен сәлемі болсын) арнап иләһи ән айтылды. Сүннеттерге байланысты сұрақ-жауаптар мен ойын түріндегі танытымдар да қойлып өтті.
» Салауаттың сауабы » атты әсерлі, көрерменге ой тастарлық көрініс қойылып, рухани кештің соңы келген қонақтарға дастарханда тәтті дәмдер тарту етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызмет

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38