Бүгін ҚМДБ ізгі қоғам бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент орталық мешітінде өткен жұма намазында қасиетті Мәуліт жыры оқылды.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы уағыз-насихат айтып жиналған жамағатты мерекемен құттықтады.
Мәуліт жырын «Сейітжан қари» мешітінің найб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев пен «Бойыт ата» мешітінің имамы Мұрат Тастанбековтер оқыды.
Айта кетсек, игі шара барлық мешіттерде арнайы мерекелік мәуліт дастарханы жайылып, дін мен дәстүрге сәйкес ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі