ҚМДБ-ның дін мен дәстүр бағытын жан-жақты насихаттау мақсатында дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың  «Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері» атты кітабы жарық көрді.

Аталмыш еңбек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Ихсан ілімін насихаттау мақсатында әзірленді. Кітапқа ясауитанушы-ғалым, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті Философия және теология ғылымдарының докторы, профессор, Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы арнайы пікір жазған. 

Түркі даласының төл перзенті, Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық мектебінің көрнекті өкілі, ғұлама, әулие бабамыз  Құл Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы, «Диуани Хикмет» кітабында айтылған даналық сөздері қысқа-нұсқа түрінде алынды. Кітапта өмірде не нəрсе құнды, неден қашу керек, неге асығу керек деген құнды сөздері енгізілген. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Айта кетсек, кітаптың жарық көруіне байланысты жуырда Түркістан қаласында арнайы рухани іс шара өтеді.  

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38