Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Байғұт баба» мешітінде қалалық Діни оңалту бөлімінің кезекті оқу семинары ұйымдастырылды.

Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан найб имам Мұхаммеджан Естеміров қатысып жеке және жалпы кездесулердің сапасымен маңыздылығына айрықша тоқталып, қатысушыларға бірқатар тапсырмалар берді.
Аптасына бір рет ұйымдастырылатын оқу-жаттығу семинарды діни оңалту бөлімінің жетекешісі Дастан Желеуов жүргізіп келеді. Әр апта сайынғы семинарда түрлі тақырыптарға назар аударылып, кеңінен талқыланды.
Дәріс берген имамдарға аудан бас имамы Ербол Қалшабек алғыс айтып, разылығын білдірді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38