Бүгін Шымкент орталық мешітінде «Мектепке жол-2024» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шаһар бас имамы оқушыларға білім-ғылымның мәртебесі, артықшылығы жөнінде насихат айта келе, оларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сабақтарын жақсы оқуға шақырды.

Айта кетейік, қала мешіттері мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 500 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті (дәптер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) құрал-жабдықтар үлестірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38