Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Базарқақпа мешітінде “Имани жаз – 2024” діни сауат ашу курсын тәмамдаған қыз балалар арасында Құранды жатқа айту жарысы өтті. Сайыстың алдыңғы легі Құраннның 30-шы парасын жатқа айтудан сынға түссе, кейінгі топ жарты пара бойынша бақ сынасты.
Бас жүлде мен алдыға шыққан
Назарматова Марифат
Абдухаитова Самира
Алметова Фатима қыздарымызға мешіт басшылығы тарапынан жүлделі марапатқа ие болды.
Айта кетерлік жайт бұл байқауға қатысушылар дайындықты маусым айынан бастаған. Жалпы діни сауатын ашу мақсатымен 50-шәкірт мешітке тіркеліп, олар мұсылмандық әдеп, дұға жаттау, ғибадат т.б сабақтарын алған.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі