«Тура Жол» мешітінде әйел-қыздар жамағаты ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеде шәкірттеріміз күш-жігерлерін салып дайындаған әртүрлі нан-тоқаш өнімдері, салқын сусындар мешітке келушілерге сатылды.

Халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», демекші, мешітіміздің бас имамы Тәңірберген ұстаз Шәймерденұлы да қайырымдылық жасаудың сауабы өте мол екенін, оның қоғамға пайдаларын атап өтті.

Аталмыш жәрмеңкеден түскен ақша түгелдей ілім жолындағы шәкірттеріміздің сапалы білім алуына қажеттіліктер үшін жұмсалатын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38