ҚМДБ Шымкент қаласының Бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен, Қаратау ауданы “Аңламас ата” мешітінің Имамы Серикбаев Аманжолдың ұйытқы болуымен, «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып өтті.
Қайрымдылық шараға Қаламыздың Бас имамы, Бағдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамы Мұхаммеджан Естеміров және Қаратау ауданы бас имамы Ербол Қалшабек, Қаратау ауданы кураторы Дастан Желеуов және ауданға қарасты имамдар менен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар және көп балалы аналар қатысты.
Қайрымдылық шарада оқушыға керекті заттар алынды. Атап айтсақ: мектеп сөмкесі, мектеп формасы, оқушыға арналған құрал жабдықтар т.б заттар алып берілді.
Жалпы қайрымдылық шарада 110 балаға сөмке. 30 балаға мектеп формасы табысталды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі