Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде аудан көлеміндегі 22 мешіттің имамдарының ұйытқы болуымен жыл сайын республика көлемінде дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі іс-шара барысында 120 балаға оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.

«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Сол себепті жыл сайынғы игі іс-шараға биыл да үлесімізді қосып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!» деді «Исамиддин баба» мешітінің имамы Орын Ербосын.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38