ҚМДБ-ның Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай, бүгін Тұран ауданына қарасты «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінде семинар болып өтті. Бүгінгі өткен семинарда «Бабалар ізі мен Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптан рухани танымдық дәріс өтті.
– Ең әуелі семинарды Шымкент қалалық «Ақмешіт» мешіттің орынбасары наиб имам, Мұхаммеджан Естемиров «Бабалар» ізі»мен» кітабын Дін мен Тарихаты ұштастырып, Казак даласында каншама ғұлама әулиелер өткенін түсіндіріп жеткізді.
– Шымкент қалалық «Ақмешіт» мешіттің наиб имамы, Тұран ауданының кураторы, Бекбауов Ерман дәстүрлі дін ислам құндылығы жайында дәріс оқыды.
– Тұран ауданының Бас имамы Құрбанбаев Батырхан алдағы көшпелі семинар, және жарты жылдық есепке дайындалуды, әрбір берілген тапсырмаларға мән беріп орындауды тапсырды.
Семинар соңынан дастархан жайылып, бабалар рухына арнап Құран оқылып, дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі