Шымкент қаласында Дильфуза есімді қыз өз дінін дұрыс танымағаннан, айналасының әсерімен христиан дінін қабылдап, сол дін бойынша амал етіп кеткен болатын-ды. Міне соңғы жылдары ой толғап Ислам діні жайлы ойлана жүріп, дінін мамандардан үйренбекші болды. Сонымен Айқап мешіті әйел-қыздар бөлімінің ұстаздарынан ілім ала бастады. Күні бүгін Ислам дінінен разы екенін, және хақ дін Ислам екенін түсініп мұсылман болуға шешім қабылдады, да Айқап мешітінде ұстаздар мен жамағат алдында кәлимаға тіл сындырып мұсылман болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі