Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы боуымен «Шымкент» медресе-колледжінің конференц залында ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшелерінің қатысуымен «Ақида ілімі: Тәуил мәселелері» атты кеңейтілген діни семинары ұйымдастырылды.
Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және аудан, қала имамдары мен ұстаздары қатысты.
Айтулы рухани танымдық семинарды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды. Семинарда ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі әрі Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов «Ихсан ілімі: Тәуессул мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Осыдан кейін, РАНТ мүшесі ұстаз Нұрсұлтан Мамедалиев «Ақида ілімі: Тәуил мәселелері» тақырыбын жан-жақты ашып берді. Мұнымен қатар, ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында имамдарға «Бейбісара ана» мешітінің имамы Самат Анарбаев «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында дәріс оқыды.
Жалпы, семинар барысында имамдарымыз ақида мәселелері, уағыз-насихат айту әдебі, жат ағымдармен жұмыс жүргізу тәртібі, т.б. көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын алды.
Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мәртебелі ұстаздарға алғысын айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі