Бүгін Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан «София» түрлі тәттілер дайындайтын цех жұмысымен танысып, «Халал Даму» ЖШС-нің сертификатын алуға келісілді.
Түсіндіру һәм насихат жұмыстарын Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы, аймақтық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев пен технолог-маман Аружан Аралбай қатысып, дәріс оқыды.
Айта кетсек, аталмыш тәтті өндіретін цех басшылығы діни басқарма қызметкерлерінің жұмыстарына ризалық білдіріп, алғысын айтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі