ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үлкен бастамасына орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының арнайы көмегі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына жеткізілді.
Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы Әли Анарқұлұлы, Талғат Дәрібаев т.б. ерікті азаматтар қатысып, тілеуілестіктерін білдірді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өңірге Шымкент қаласы бойынша өкілдігінен 60 тонна жүк тиеліген үш жүк көлігі аттанды. Жалпы, оның ішінде азық-түлік, аяқ-киім, төсек орын, төсеніштер, киім-кешек, қайық, құм салатын қап, күрек-саймандар, т.б, қажетті заттар бар.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы мешіт имамдары мен жамағаттардың жинаған қаржысын облыстық мешіттің бас имамына 12 650 000 (он миллион алты жүз елу мың) теңге қаржыны тапсырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі