Бүгін шаһар бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлы Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» телеарнасына ораза айт мерекесі туралы сұхбат берді. Бас имам: «Ораза айт – мұқтаждарға көмектесетін күн. Құран Кәрімде: «Аллаға құлшылық етіңдер, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық жасаңдар», – делінген («Ниса» сүресі, 36-аят).»
Жаратқан Алла әрбіріміздің ораза айт күні жасаған ізгі істерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жылдан жылға, айдан айға аман-есен жетуді нәсіп еткей!». Әумин!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі