Шымкент қаласы Қаратау ауданы Мухаммад-Нұр мешітінің әйел-қыздар бөлімінде «Қош бол Рамазан» атты кеш өтті. Кеште 40-парызды, 40-хадисті және Алланың көркем есімдерін жатқа айту бойынша сайыс өтті. Сайысқа 7-13 жас арасында қыз балалары қатысты. Сайыс жеңімпаздарына сыйлықтары берілді. Кеш соңында мешіттің әжелері оқып бітірген 90 хатым дұғасы жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі