Бүгін қасиетті Қадір кешінде Шымкент қаласында орналасқан барлық мешіттерде еліміздің Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Ақмола, Сүлтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Абай облыстарында су тасқыны орын алған өңір халқына бүкіл ел болып, тарауих намазында дұға етілді.
Игі шараларға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастаған имамдер мен мешіт жамағаты қатысты.
Жалпы қала бойынша 500 рет хатым Құран оқылды.
Ел аман жұрт тыныш болғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі