Бүгін қасиетті Қадір кеші қарсаңында Шымкент орталық мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті Рамазан айының құрметіне «РАМАЗАН АЙЫНДА БАБАЛАР РУХЫНА 500 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ» атты рухани, тарихи, құрмет шарасы ұйымдастырылды.
Рухани шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, найб имам әрі Құран секторы Ерман Бакбауов, қалалық «Тәртіптік» кеңестің жетекшісі Бекайдар Әміре және «Ықылас» қарилар дайындау орталығының Камилжан қари Садықов және имамдар, қарилар қатысты.
Босқосу аясында Мысыр және Түркия дін істер басқармасымен Мүфтият арасында екіжақты келісім негізінде келген қасиетті Рамазан айында тараиух намазында Құран Хатым оқу үшін арнайы Мысыр елі, Әл-Азһар университетінің ұстазы, доктор Ахмат Камал Ахмат Махмуд пен Мұхаммад Абдумухсин және Түркия дін істер дианетінен арнайы келген Хусейн қари Башаран қарилар қазақ еліне, Діни басқармаға алғыс айтып, ризалық білдірді.
Сондай-ақ, ақсақал имам Бекайдар Әміре, «Ықылас» қарилар орталының ұстазы Камилжан қари Садықов барша қари-хафыздарға қарилық жолды ұстану һәм амал ету туралы дәріс оқыды.
«Негізгі мақсат – қасиетті Рамазан айында тарауих намазында Құран Кәрімді толық оқып жатқан қариларға алғыс айтып, құрмет көрсету болып саналады. Биылғы жылы шаһар бойынша 117 қаридың қатысуымен 78 мешітте Құран хатым толық аяқталды», – деді бас имам Б.Нұрматұлы.
Рухани кездесу барысында тарауих намазында Құран хатым оқып жатқан барлық қариларға арнайы өкілдік атынан сый-құрмет көрсетіліп, алғыс хаты табысталды.
Осы тұста, қасиетті Рамазан айында қарилар,имамдары мен «Әйел-қыздар» секторы бірлесіп оқыған 500 Құран хатымды елім, жерім деп өткен бабалар рухына оқылып, дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі